Қытай сыртқы істер министрі Ван И Пекин Ресейге экономикалық мәселелерін шешуіне көмектесуге дайын деп мәлімдеді.
Биыл жыл басынан бері ресей рублінің АҚШ долларына шаққандағы құны 45 пайызға арзандаған. Рубль бағамы, әсіресе, өткен аптада күрт құлдырады.
Ресей президенті Владимир Путин рубльдің құлдырауын дағдарыс деп атаудан бас тартып, ұлттық валюта бағамы "біртіндеп тұрақтанатынын" мәлімдеген.
Ресми China Daily агенттігінің бүгін хабарлауынша, Ван И "Егер Ресей экономикасы қажет етсе, біз мүмкіндігімізге қарай көмек көрсете аламыз" деп, екі ел бір-біріне "қашан да көмектесіп келгенін" айтқан.
Ван И қиындықты жеңу үшін Ресей "көрегендік танытуы қажет" деген.
Қытай сауда министрі Гао Хучэну бұған дейін қауіпсіз және сенімді сауда-саттықты қамтамасыз ету үшін Ресеймен өзара сауда операцияларында Қытай валютасы юаньді қолдануды ұсынған.