Accessibility links

ИМ Сирияда коалиция ұшағын атқан


Ракка қаласындағы радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әуеден соққы берілгеннен кейінгі көрініс. Сирия, қараша, 2014 жыл
Ракка қаласындағы радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әуеден соққы берілгеннен кейінгі көрініс. Сирия, қараша, 2014 жыл

Радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары Сирияда АҚШ бастаған коалиция күштеріне тиесілі болуы мүмкін деген әскери ұшақты атып түсіргені хабарланды.

Лондонда орналасқан Syrian Оbservatory for Human Rights ұйымының дерегінше, ұшақ бүгін, желтоқсанның 24-і күні "Ислам мемлекетінің" астанасы деп жарияланған Сирияның солтүстік-шығысындағы Ракка қаласы маңында атып түсірілген. Ұйым АҚШ бастаған коалиция күштеріне тиесілі болуы мүмкін дейді.

Ұшақтың тегі араб ұшқышын содырлар қолға түсірген.

Раккада орналасқан Ракка медиа орталығының хабарлауынша, ұшқыш Иордания азаматы болған. Бірақ әзірге Иордания Сирияда ұшқышының қолға түскені туралы ресми ақпарат таратқан жоқ.

АҚШ пен бірқатар араб мемлекеті қыркүйек айынан бері Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әуеден соққы жасап келеді.

АҚШ-тың содырларға қарсы әуе шабуылдарына Сауд Арабиясы, Иордания, Бахрейн мен Біріккен Араб Әмірліктері қосылып, Катар материалдық-техникалық көмек көрсетуде.

XS
SM
MD
LG