"Ислам мемлекеті" (ИМ) маусымнан бері 2 мың адамды өлім жазасына кескен деп мәлімдеді Сириядағы адам құқықтарын зерттеумен айналысып жүрген ұлыбританиялық ұйым.
Зерттеу қорытындысы бойынша, "Ислам мемлекеті" Деир әл-Зоур, Рагга, Хама, Алеппо, Әл-Хасака қалаларында қарапайым 1200 азаматты өлім жазасына кескен. "Ислам мемлекеті" тұтқындарды ату, басын кесу, дарға асу арқылы өлтірген.
Сондай-ақ "Ислам мемлекеті" құрамына шетелден келіп қосылған 116 еріктіні елдеріне қашпақ болғаны үшін өлтірген. Ұйым төрт мүшесін "ішкі қағидаларын сақтамағаны үшін" өлім жазасына кескен.
Ұйым 500-ге жуық сириялық сарбазды және басқа исламшыл топтардың 100-ге жуық мүшесін мерт қылған.
АҚШ Кобаниде ұйымдастырылған коалицияның әуе шабуылы "Ислам мемлекетінің" 13 ошағын жойғанын мәлімдеді.