Accessibility links

Индонезия: Жоғалған ұшаққа тиесілі алты мәйіт табылды


Индонезиялық телеарнадан көрсетілген құтқарушының теңіз бетінде қалқып жүрген адам денесін алуға ұшақтан түсіп бара жатқан сәті. Индонезия, 30 желтоқсан 2014 жыл.
Индонезиялық телеарнадан көрсетілген құтқарушының теңіз бетінде қалқып жүрген адам денесін алуға ұшақтан түсіп бара жатқан сәті. Индонезия, 30 желтоқсан 2014 жыл.

Бортында 162 адамы болған жоғалған малайзиялық ұшақты іздестіріп жатқан индонезиялық құтқарушылар бүгін Борнео аралы жағалауынан алты адамның денесі мен ұшақ бөлшектері болуы мүмкін делінген заттарды судан шығарды.

Малайзияның Air Asia компаниясына тиесілі Airbus-320-200 жолаушылар ұшағы желтоқсанның 28-і күні таң ата Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққаннан соң, Калимантан аралы мен Белитунг аралы арасындағы Ява теңізінде радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақ жоғалар алдында ғана ұшқыштың қолайсыз ауа-райында ұшақты жоғары қарай ұшыруға рұқсат сұрағаны белгілі болған.

Индонезияның іздеу және құтқару агенттігі басшысы Бамбанг Соелистио бірнеше мәйіт судан шығарылғанын және олардың жоғалған ұшаққа тиесілі екенін растады. Қазір табылған мәйіттер мен заттар тексеріліп жатыр.

Ұшақты іздестіру жұмыстарына Австралия, Индонезия, Малайзия, Сингапур және Оңтүстік Корея әскери кемелері мен ұшақтары тікұшақтары қатысып жатыр.

Ұшақта болғандардың басым көпшілігі - Индонезия азаматтары.

XS
SM
MD
LG