Accessibility links

Яценюк: Қырым Украинаға қайтарылады


Арсений Яценюк баспасөз мәслихатында отыр. Киев. 30 желтоқсан, 2014 жыл.
Арсений Яценюк баспасөз мәслихатында отыр. Киев. 30 желтоқсан, 2014 жыл.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Қырымның "ерте ме, кеш пе Украинаға қайтарылатыны" айтты.

Ол 30 желтоқсанда жылды қортындылаған баспасөз мәслихатында Ресей аннексиялап алған Қырымның жуық арада қайтарылуын көру қиындау екенін, алайда түбінде осыған сенетінін білдірді.

Яценюк Қырымның қайтарылуын "қазіргі ұрпақ көрмегенімен, оны балаларымыз бен немерелеріміз іске асырады" деген. Украина премьері Қырымның Ресейге қосылуын әлемде ешкім мойындамай отырғанын да еске салды.

Ол 2014 жылы Украина мен Ресей арасындағы сауда айналымы 50 пайызға қысқарғанын және таяу арада Ресейдің Украинаның негізгі серіктесі бола алмайтынын атап көрсетті. Яценюк "арасында экономикаға қатысты да болып табылатын екіжақты келісімдерді ешқашан да сақтамағаны және сақтамайтыны" үшін Мәскеуді айыптады.

XS
SM
MD
LG