Accessibility links

Ирак пен Сирияда сүннит молдалар оққа ұшты


Басралық сүннит молдалар. Көрнекі сурет
Басралық сүннит молдалар. Көрнекі сурет

Ирактың премьер-министрі Хайдар әл-Абади Басра қаласында кісі қолынан қаза тапқан үш сүннит молданың өлімі мен екі молданың жаралануын тексеруді бұйырды.

2 қаңтар күні Абади тез арада тергеу жүргізіп, күдіктілерді қамауға алуға шақырды.

1 қаңтар күні Басрада төрт қарулы адам бір топ сүннит молда мінген көлікке оқ жаудырған. Әзірше ешбір топ бұл шабуылды "біз жасадық" деп мәлімдеген жоқ. Полицияның хабарлауынша, зардап шеккен дін қызметкерлері соңғы уақытта өздеріне ИМ-нің қоқан-лоқы жасағанын айтып жүрген.

2 қаңтар күні белгілі саудиялық мұсылман теолог Осман әл-Назех әл-Асири Кобани қаласына жасалған әуе шабулы кезінде қаза тапқан. АҚШ бастаған коалиция ИМ-нің Сириядағы позицияларына 23 мәрте әуе соққысын жасаған.

XS
SM
MD
LG