Accessibility links

Иордания ханзадасы ФИФА басшысы болудан үміткер


Иордания ханзадасы, ФИФА вице-президенті Әли бин Әл-Хусейн.
Иордания ханзадасы, ФИФА вице-президенті Әли бин Әл-Хусейн.

Иордания ханзадасы, Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) вице-президенті Әли бин Әл-Хусейн 2015 жылы федерация президенттігіне сайлауға түсетінін мәлімдеді. ФИФА президентін сайлау биыл мамырдың 29-ы күні өтеді.

39 жастағы Әли бин Әл-Хусейн президенттікке түсуді жайдан-жай емес, федерациядағы беделді әріптестерімен кеңескеннен кейін шешкенін айтады. Оның сөзінше, кеңесу кезінде ФИФА-да өзгерістер жасау қажет деген ұйғарым жасалған.

ФИФА президенттігіне осы қызметті қазір атқарып отырған 74 жастағы Зепп Блаттер де үміткер. Ол ФИФА-ны 17 жыл бойы басқарып келеді.

Соңғы жылдары ФИФА коррупциялық дауға жиі қалып жүр.

Былтыр желтоқсан айында ФИФА-ның этика жөніндегі комитетінің басшысы Майкл Гарсия федерацияның әлем чемпионатын өткізетін елдерді анықтау кезінде заң бұзушылық болған жоқ деген есебімен келіспей, қызметінен кеткен еді.

Майкл Гарсия ФИФА-ның 2018 жылғы чемпионатты Ресейде, 2022 жылғы чемпионатты Катарда өткізу шешіміне коррупция әсер етті деген ақпаратты тексерумен айналысқан.

XS
SM
MD
LG