Accessibility links

Коалиция әскері ИМ-нің 3 мыңдай нысанын жойған


Сирияның Кобани қаласындағы "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы әуе шабуылы. 2014 жылдың қарашасы. (Көрнекі сурет).
Сирияның Кобани қаласындағы "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы әуе шабуылы. 2014 жылдың қарашасы. (Көрнекі сурет).

АҚШ бастаған халықаралық антитеррористік коалицияның өткен жылдың тамыз айынан бері Сирия мен Иракта жасаған әуе шабуылдарынан "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының үш мыңнан астам нысаны жойылған.

Бұл жайында қаңтардың 7-сі күні Пентагон өкілі, полковник Стив Уоррен хабарлады. Уорреннің сөзінше, жойылған нысандар арасында танкілер, бронды техникалар, террористер орналасқан ғимараттар мен бекіністер бар.

Осы апта басында АҚШ қорғаныс министрлігі "коалиция күштері ИМ содырларының Ирактағы шабуылын тоқтатқанын" мәлімдеген еді. Пентагон өкілі, вице-адмирал Джон Кирбидің сөзінше, қазір "Ислам мемлекеті" ұйымы Иракта негізінен шабуылға емес, қорғаныс қимылдарына көшкен.

Иракта содырларға қарсы шабуылдарға АҚШ-тан өзге Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, Дания, Франция және Нидерланд қатысып жатыр. Ал Сириядағы әуе шабуылдарын Бахрейн, Иордания, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери-әуе күштері жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG