Accessibility links

Амеди Кулибалидің видеосы жарияланды


Француз полициясы Парижде полицейге шабуыл жасап, еврей тағамдары дүкенінде адамдарды кепілге алған күдікті деп жариялаған Амеди Кулибали (оң жақта). Суретте сол жақтағы әйел - Хайят Бумеддин. 9 қаңтар 2015 жыл.
Француз полициясы Парижде полицейге шабуыл жасап, еврей тағамдары дүкенінде адамдарды кепілге алған күдікті деп жариялаған Амеди Кулибали (оң жақта). Суретте сол жақтағы әйел - Хайят Бумеддин. 9 қаңтар 2015 жыл.

Өткен аптада Париждің шығыс бөлігінде еврей тағамдарын сататын дүкенде кепілге алынған төрт адам мен бір полицейді өлтірген Амеди Кулибали туралы видео қаңтардың 11-і күні интернетте жарияланды.

Өткен жұма күні дүкендегі кепілге алынғандарды құтқару операциясында көзі жойылған Амеди Кулибали бірнеше күн бойы түсірілген әлгі видеода радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымына адал екендігі туралы ант береді.

"Ислам мемлекеті" ұйымының туы алдында бірде қолына автомат ұстап, бірде жаттығу жасап, сөйлеп жүріп видеоға түскен Кулибали қаңтардың 7-сінде сатиралық Charlie Hebdo журналына, қаңтардың 8-інде полицияға және 9-ы күні еврей тағамдары дүкеніне жасалған шабуылды жақтап сөйлейді. Ол видеоға әртүрлі киіммен түскен.

Бір сөзінде Кулибали Charlie Hebdo-ға шабуыл "ертең" жасалатынын және шабуыл жасайтын ағайынды Куачилер іс-әрекеттерін үйлестіріп отырғанын айтады.

Әуелде французша сөйлеген Кулибали кейін араб тілінде мүдіріп сөйлеп, "Ислам мемлекеті" ұйымы басшысына адал екенін айтады.

Францияның антитеррорлық полициясы интернетте пайда болған видеодағы адамның Амеди Кулибали екендігінде күмән жоқ дейді.

XS
SM
MD
LG