Accessibility links

БҰҰ: Донбастан босып кеткендер көбейді


Мариуполь қаласында артиллериялық снаряд түсіп бүлінген тұрғын үй. 24 қаңтар 2015 жыл.
Мариуполь қаласында артиллериялық снаряд түсіп бүлінген тұрғын үй. 24 қаңтар 2015 жыл.

Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы Украинаның шығысынан кетуге мәжбүр болғандардың саны бір жарым миллион адамнан асқан деп хабарлады. БҰҰ хабарламасында Украинаның әлеуметтік саясат министрлігінің ел ішінде 922 мың адамның шығыс аймақтан көшкені туралы деректерін келтірген. Тағы 600 мыңға жуық босқын көрші елдерді паналаған.

БҰҰ есебінде қазіргі уақытта Украина билігі тіркеген ел ішінде шығыс өңірден көшіп-қонғандар саны осыдан он күн бұрынғы есебінде көрсетілгеннен елу мың адамға көбейіп отырғаны айтылған.

Украинаның шығысындағы әскери іс-қимылдар салдарынан бейбіт тұрғындар арасында қаза көбейіп, инфрақұрылымдар бүлінген, аймақта гуманитарлық жәрдемге сұраныс артқан.

XS
SM
MD
LG