Accessibility links

Ливан шегінде Израильдің 2 сарбазы мен БҰҰ бітімгері оққа ұшты


Израильдің Ливанмен шекарасында жанып жатқан әскери көліктер. 28 қаңтар 2015 жыл.
Израильдің Ливанмен шекарасында жанып жатқан әскери көліктер. 28 қаңтар 2015 жыл.

Израиль-Ливан шекарасында "Хезболла" ұйымының жасақтары мен Израиль әскерилері арасындағы атыста Израильдің екі сарбазы мен БҰҰ-ның испандық бір бітімгері қаза тапты.

БҰҰ бітімгері қаңтардың 28-інде Шебаа фермасының даулы территориясына жақын маңда оққа ұшты. Осының алдында ғана бұл маңда Израиль әскері колоннасы танкіге қарсы қолданылатын зымыраннан атқыланып, екі сарбаз қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Израиль армиясы шабуылға жауап ретінде Ливанның оңтүстігіне қарай артиллериядан оқ жаудырған.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху зымыран шабуылын жасағандар "іс-әрекетіне толық жауап береді" деп мәлімдеді.

Ливанның "Хезболла" ұйымы шабуылды осыдан он күн бұрын Сирияда Израильдің әуе шабуылынан ұйымның алты сарбазы мен ирандық бір генералдың қаза табуына кек алу үшін ұйымдастырғанын мәлімдеді.

АҚШ "Хезболланың" шабуылын айыптап, екі жақты бітімге шақырды.

XS
SM
MD
LG