Accessibility links

Донецкіде күшті жарылыс болды


Донецкідегі соғыстан қираған ғимараттардың бірі. 5 ақпан 2015 жыл.
Донецкідегі соғыстан қираған ғимараттардың бірі. 5 ақпан 2015 жыл.

Донецкіде ақпанның 9-ына қараған түні күшті жарылыс болды. Оның жарқылы бірнеше километрден көрініп, жарылыс екпінінен бірқатар ауданда үйлердің терезесі шағылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат түскен жоқ.

РИА-Новости агенттігінің өзін-өзі жариялап алған сепаратистік "Донецк халық республикасы" өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыс Донецкідегі химиялық бұйымдар жасайтын зауытта болған. Сепаратистер жарылысқа тактикалық зымыран соққысы себеп болуы мүмкін дейді.

Украиналық "Азов" полкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сепаратистердің оқ-дәрі қоймасы жарылған. Украиналық "Оңшыл сектор" ұйымының жетекшісі Дмитрий Ярош Facebook-те "алдын-ала ақпарат бойынша, украин әскерилері 20 "Град" әскери артиллериялық кешенін, әскери керек-жарақ тиеген 30 көлікті және 200-ге тарта сепаратистің көзін жойған" деп хабарлады. Бірақ бұл ақпарат әзірге расталып, я жоққа шығарылған жоқ.

Донецк әуежайынан қашық емес жерде орналасқан химиялық бұйымдар зауыты 2014 жылдың қыркүйек айында атқыланған. Бұл зауытта жарамсыз атыс, артиллериялық, инженерлік оқ-дәрілері утилизацияланып, танкілерге қорғаныс құралдары, өнеркәсіптік жарылғыш заттар жасалады.

XS
SM
MD
LG