Accessibility links

Козловтың әйелінің шағымын тағы да қанағаттандырмады


Түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова. Алматы, 11 ақпан 2015 жыл.
Түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова. Алматы, 11 ақпан 2015 жыл.

Алматы қалалық сотының кассациялық алқасы бүгін соттың оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекованың "жалғыз баспанасын тәркілеуге" қарсы шағымын қанағаттандырудан бас тарту шешімін күшінде қалдырды. Кассациялық алқа судьясы Гүлбаршын Пірімбетова Тұрысбекованың өзі мен жасқа толған ұлы екеуі тұратын баспанасын арестен шығару туралы өтінішін қараудан бас тартты.

Былтыр Алматының Алмалы аудандық соты мен қалалық соттың апелляциялық алқасы да Әлия Тұрысбекованың баспанасын арестен шығару шағымын қанағаттандырудан бас тартқан.

2012 жылы күзде жеті жарым жылға сотталған Владимир Козлов сот үкімі бойынша тәркіленуі тиіс үй мен басқа да жылжымайтын мүліктердің иесі болып танылған.

Үкім шыққан уақыттан бері үйден басқа тәркіленуі тиіс барлық мүлік мемлекет қазынасына алынған. Ал шағым берілген үйге арест қойылған.

Сенімхат арқылы күйеуінің және баласының мүдделерін қорғап жүрген Әлия Тұрысбекова қазір осы үйде тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG