Accessibility links

Назарбаев: Ақшаны оңды-солды шашпау керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кезекті жиындарының бірінде. Астана, 15 қаңтар 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кезекті жиындарының бірінде. Астана, 15 қаңтар 2015 жыл.

Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген жиынында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатаң бюджет саясатын жүргізіп, "барлық жағынан үнемдеуге" шақырды.

Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанда биылғы жылы бюджеттің шығыс бөлігі 70 миллиард теңгеге азаймақ. Бұл сома жалпы шығыс қаржысының он пайызын құрайды. Бірақ Назарбаев шығысты азайту мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне тиіп кетпеуі тиіс деді.

- Мұнай бағасы жүз АҚШ долларынан асып тұрған кезінде басқа да өнімдер, металдардың барлық түрі сатылып тұрды. Жағдайымыз жақсы болып, былай айтқанда жайылып кеттік. Ақшаны оңды-солды, олай да былай жұмсадық. Болды, енді тек бар нәрсеге өмір сүру керек, - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев бұған қоса Қазақстанда түрлі мерекелік шаралардың өтуін де сынады. Ол ысырапшылдықты қоюға, мерейтойлар, Универсиада мен "ЭКСПО" көрмесін өткізуге жұмсалатын қаржыны азайтуға шақырды.

XS
SM
MD
LG