Accessibility links

Донбаста атыс құрбандары көбейе түскен


Танк жанында тұрғын украиналық әскери. Донецк облысы, 13 ақпан 2015 жыл.
Танк жанында тұрғын украиналық әскери. Донецк облысы, 13 ақпан 2015 жыл.

Украинаның шығысында соңғы тәулікте болған шайқастар барысында 100-ге жуық сепаратист қаза тауып, 180-нен астамы жараланған. Бұндай мәліметті бүгін украиналық әскерилердің Донбастағы операциялар штабы жариялады.

Киев пен өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» өкілдері әскери іс-қимылдарды жалғастырып жатыр деп бір-бірін айыптап отыр. Сепаратистер өз позицияларына өткен түні үкімет күштері 25 рет оқ атты деп мәлімдеді. Украиналық әскерилер болса «ДХР» тарапынан 30-дас аса рет оқ атылғаны жайлы айтады. Дебальцево маңындағы жағдай шиеленісті күйінде қалып отыр. Сепаратистер украиналық әскерилердің ұрыс жүргізіп қоршауды бұзып шығуға әрекет жасап жатқанын айтады. Бірақ Киев бұл ақпаратты жоққа шығарады.

Жұма күні Счастье елдімекенін атқылау салдарынан, соңғы деректер бойынша, алты адам мерт болған. Горняк қаласында бес жергілікті тұрғын, Артемовскіде – үшеуі өлген. Украина президенті Петр Порошенко сепаратистердің оқ атуды жалғастырып жатыр еп айыптап, «бейсенбіде Минскіде жасалған оқ атпау режимі туралы келісім басталмай жатып аяқталуы мүмкін» деп мәлімдеген.

Минскіде жасалған келісім бойынша, қарулы жанжалға қатысып жатқан тараптар ақпанның 15-іне қараған түні оқ атуды доғаруға міндетті.

XS
SM
MD
LG