Accessibility links

Православтар Алматыны апаттан сақтауға дұға қылды


Православтар Алматыны апаттан сақтауға дұға қылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:54 0:00

ВИДЕО: Православтар әулиесі Агафии Панормскаяның сүйегін қарсы алу рәсіміндегі дніи құлшылық. Алматы, 17 ақпан 2015 жыл.

Бүгін Алматыдағы Иверск-Серафимовский православ ғибадатханасында әулие Агафия Панормскаяның сүйегін қарсы алу рәсімі өтті. Шара кезінде Алматыны табиғи апаттардан қорғауды сұраған діни құлшылық - литургия жасалды. Діни рәсімді Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің митрополиты Александр атқарды.

Православ христиандары Агафия Панормскаяны діндарларды "жер сілкінісі, өрт пен басқа да табиғи және өзге апаттардан құтқаратын ерекше қасиеті бар" деп санайды.

Әулие әйел Агафия христиан ілімі бойынша үшінші ғасырда Сицилия аралында - Панорма қаласында (қазіргі Палермо), Рим императоры Декий Траян тұсында өмір сүріп, діни сеніміне бола азапталып өлген. Христиан діни аңыздарында өлерінің алдында Агафияның азап шеккені, сол кезде күшті жер сілкінісі болып, оның дұғасымен зілзала тоқтағаны айтылады.

"Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кириллдің батасымен әулие Агафияның сүйегі Қазақстан митрополиялық округіне сыйға берілді. Сүйек салынған күйме енді Алматыдағы Иверск-Серафимовский соборында сақталады. Алматыда қаланы жер сілкінісі мен басқа да табиғи апаттардан қорғайтын үлкен киелі нәрсе бар" делінген Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің сайтында.

XS
SM
MD
LG