Норвегиялық мұсылмандар Еуропада радикалды исламшылдардың еврейлерге жасаған бірнеше шабуылынан соң Ослодағы синагогалардың айналасына "бейбітшілік шеңберін" құруды жоспарлап отыр.
Facebook-те таратылған шақыру хабарламасында ұйымдастырушылар "Мұсылмандар антисемитизмнің кез-келген түрінен үзілді-кесілді бас тартатынын білдіргісі келеді" деп мәлімдеген.
Ослодағы еврей қауымдарының басшысы Эрвин Кон ұсынысты қолдап, акцияға көп адам қатысады деген үмітін білдірді. Facebook-тегі шақыртуға мың жарымнан астам адам қатысатынын білдірген.
Өткен аптада Дания астанасы Копенгагенде еврей синагогасына жасалған шабуылдан соң Ослодағы синагогаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Копенгагендегі екі шабуылдың бірінде синагога күзетшісі қаза тапқан.