Accessibility links

Царнаевтың сотында тыңдау 4 наурызда басталады


Айыпталушы Джохар Царнаевтың (оң жақтан екінші) соттағы кескіні.
Айыпталушы Джохар Царнаевтың (оң жақтан екінші) соттағы кескіні.

Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаевтың сотында алқа судьяларын іріктеу аяқталуға жақын, сот тыңдауы наурыздың 4 наурызда басталады деп хабарлады Бостон федералдық сотына сілтеме жасаған Boston Globe басылымы.

Царнаевтың соты қаңтардың 5-інде алқа судьяларын іріктеуден басталған. Сотқа барлығы 1 мың 373 алқа судьясы шақырылған. Бұған дейін прокурорлар алқа сотына 54 кәсіби білікті алқа судьясы таңдап алынғанын хабарлаған.

Царнаевтың адвокаттары "алқа судьясы болуға үміткер Бостонның 1350-ден астам тұрғыны Царнаевты айыпты деп тауып қойған" деп, сотты Бостонннан басқа жаққа ауыстыруға өтініш берген. Округтік судья Джордж О'Тул бұған дейін үшінші рет адвокаттардың сот процесін басқа қалаға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмай тастаған.

Бостонда 2013 жылы сәуірдің 13-інде марафон кезінде болған жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Прокуратураның ұйғарымы бойынша, 21 жастағы Джохар Царнаев марафон аяқталатын кезде ағасы Тамерлан Царнаевпен бірге жарылғыш зат қойған. Полиция Тамерлан Царнаевты жарылыстан соң тұтқындамақ болған кезде атып өлтірген. Царнаевқа 13 бап бойынша, оның ішінде кісі өлтіруге қатысты айып тағылған. Прокуратура бұған дейін Царнаевқа бұл айыптар бойынша өлім жазасын беруді сұраған.

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағынан шыққан Джохар Царнаев АҚШ азаматтығын алған.

XS
SM
MD
LG