"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылу үшін Сирияға кетті делінген ұлыбританиялық мектеп жасындағы үш қыз Стамбул автовокзалындағы бақылау камераларының біріне түсіп қалды. Олар Сириямен шекараға жақын қалаға баратын автобусты күтіп тұрған.
17 ақпанда ұлыбританиялық 15 жастағы Амира Абас пен Шамима Бегум және 16 жастағы Кадиза Султанның Лондоннан Стамбулға ұшып кеткені белгілі болған соң британ полициясы жедел ақпарат таратқан. Онда қыздардың ата-аналары қыздарын үйлеріне қайтуды сұрайды.
Еуропа елдері Түркияны шетелдік содырлардың Сирияға аттануына тосқауыл қоюға шақырған.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон әлеуметтік желі иелерін интернетте экстремизммен күрес шараларын қабылдауға шақырған. Кэмерон қыздар радикалдық идеяларды "үйлерінде отырып-ақ", интернеттен қабылдағанын айтады.