Accessibility links

Ресей ЕО армиясын құру ұсынысына түсінік сұрады


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Мешков.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Мешков.

Ресей Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкерді Еуропа Одағының (ЕО) өз армиясын құру туралы таяуда білдірген ұсынысына түсінік беруді сұрады.

"Біз бұл идеяның нені білдіретінін білгіміз келеді. Себебі еуропалық саясаткерлер өткен 30 жылда бұл идеяны түрлі деңгейде талқылап тастаған. Бірақ Юнкердің енді нені меңзеп тұрғанын түсінбей тұрмыз" деп мәлімдеді бүгін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Мешков.

Юнкер 8 наурызда "ЕО одаққа мүше елдер оның көршілеріне төнетін қауіпке жауап беру үшін өзінің ортақ армиясын құруы тиіс" деп мәлімдеген.

"Ортақ армия Ресейге біздің ЕО құндылықтарын қорғауға бей-жай қарай алмайтынымызға ұғындырып қойған болар еді" деген Юнкер Германияның Welt am Sonntag басылымына сұхбатында.

Жан-Клод Юнкер ортақ армия шығын жағынан алғанда әлдеқайда тиімді болатынын және ЕО лдерінің ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатын ұстануына көмектесетінін айтқан. Ол "армия НАТО-ның рөліне кедергі келтіреді" деген алаңдаушылықтарды да жоққа шығарған.

Бірақ ЕО-ның ортақ армиясын құру ұсыны бұған дейін де қолдау таппаған.

XS
SM
MD
LG