Accessibility links

Сарань қаласында ауыр қылмысқа күдікті ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облысындағы Сарань қаласында полицейлер адамды өлтіріп, денесін бөлшектеген деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстаған. Бұл туралы Tengrinews сайты хабарлайды.

Жұма, наурыздың 13-і күні қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің подъезінен табылған сөмкенің ішінен адам сүйектері шыққан. Полиция әлгі үйдегі пәтерлердің бірінде тұратын 58 жастағы ер адамды осы қылмысқа күдікті ретінде ұстаған.

Өлген адам жергілікті тұрғындарға жақсы таныс 22 жастағы жігіт екені анықталған. Тұрғындар ешқайда жұмыс істемеген ол жігітті күдіктімен «бірге ішімдік ішіп, достық қарым-қатынаста» болған деп сипаттаған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG