Accessibility links

Ресей Қырымды аннексиялағанын атап өтіп жатыр


Қырымның аннексиялануы құрметіне арналған ескерткіштің ашылуы. Симферополь, Қырым, 16 наурыз 2015 жыл.
Қырымның аннексиялануы құрметіне арналған ескерткіштің ашылуы. Симферополь, Қырым, 16 наурыз 2015 жыл.

Ресей Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алуына бір жыл толғанын атап өтіп жатыр. Мерекелік шаралар бір аптаға созылады.

16 наурыз күні Қырымда басталған салтанатты шарада Ресей президентінің Қырымдағы өкілі Олег Белавенцев Мемлекеттік кеңес депутаттарын Қырымның "Ресейге қайтарылғанына" бір жыл толуымен құттықтады.

Ресей Қара теңіздегі Қырым түбегін аймаққа әуелі әскерін жіберіп, кейін 16 наурызда референдум өткізу арқылы өзіне қосып алған. БҰҰ Бас ассамблеясы Қырымның Ресейге қосылғанын көпшілік дауыспен заңсыз деп тапты.

АҚШ пен Еуропа Одағы кеше Мәскеудің Қырымды оккупациялауын тоқтатпайынша, Ресейге салынған санкциялар күшінде қалатынын білдірген.

АҚШ мемлекеттік департаменті Қырымдағы адам құқықтары өткен жылдан бері "күрт нашарлағанын" мәлімдеді.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини "Қырымда әскери күштің үздіксіз нығайтылуына" қатысты алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG