Accessibility links

Сребреница қырғыны бойынша жеті серб тұтқындалды


Сребреница қырғыны кезінде мерт болған мұсылмандар зиратында.
Сребреница қырғыны кезінде мерт болған мұсылмандар зиратында.

Сербияда 1995 жылы болған Сребреница оқиғасы кезінде Босния мен Герцеговинадағы мұсылмандарды өлтірді деген айыппен жеті ер адам тұтқындалған.

Сербия және Босния прокурорлары Associated Press агенттігіне тұтқындалғандар 1995 жылы Сребреницада 1000 аса мұсылманды өлтіруге қатысты айыпталғанын айтқан.

Прокуратура тұтқындалғандардың аты-жөнін жариялаған жоқ, тек олардың босниялық сербтер екенін ғана мәлімдеген.

1995 жылғы Сребреница қырғыны кезінде Боснияның шығысында сербтер 8000 аса мұсылманды өлтірген. Бұл оқиға Еуропада екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең көп адам қырылған геноцид ретінде аталады.

XS
SM
MD
LG