Ирак және АҚШ бастаған коалиция күштерінің әскери ұшақтары бүгін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырлары бақылауда ұстап тұрған Тикрит қаласының маңына әуеден соққы берген. Бұл туралы Ирак үкіметі хабарлады.
Ирак қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Тахсин Ибрахим Садиқтың мәлімдеуінше, Ирак әскери ұшақтары коалиция әуе күштерінің қолдауымен Тикриттегі "Ислам мемлекеті" ұйымы жетекшілерінің штаб-пәтері орналасқан нысандарға соққы берген.
Тикритті қайтару операциясына 20 мыңнан аса Ирак әскері мен шииттік әскерилендірілген жасағы қатысып жатыр.
"Ислам мемлекеті" экстремистері Ирактың солтүстігі мен Сирияның біраз бөлігін былтыр жазда басып алған.