Ауғанстанның солтүстігіндегі өздерін "Өзбекстан ислам қозғалысы" (ӨИҚ) ұйымы мүшесіміз дейтін содырлар "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына адалдығын білдіріп, ант қабылдады. Өзін Садулла Үргенджи деп таныстырған ер адам "ӨИҚ бұдан былай "Талибан" басшысы Молла Омарды жетекшілері деп танымайтынын" мәлімдеді. Оның сөзінше, Молла Омар 12 жыл бойы көрінбей кеткен, сондықтан шариғат бойынша ол жетекші бола алмайды. Садулла Үргенджи "ӨИҚ "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымын басқаратын Абу Бакр әл-Бағдадидің билігін мойындайтынын айтты.
ӨИҚ содырлары бұған қоса, ауған сарбазының басын алған видеосын да жариялады. Үргенджидің сөзіне қарағанда, үкімет күштері Фарьяб уәлаятында ӨИҚ-ты қолдайтын бірнеше әйелді тұтқындаған. Бұған кек қайтару үшін содырлар 30 ауған әскери қызметкерін ұстап алған. Үргенджи "Кабулдың содырлардың тұтқындарды алмастыру ұсынысын қабылдамай тастағанын" айтып, "талаптары орындалмайынша ауған сарбаздарын шетінен өлтіре беретіін" ескертті.