Accessibility links

Обама: Иранмен келісім - жалғыз ғана мүмкіндік


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Иранмен жасалған алдын-ала келісімді "Тегеранның ядролық қару жасауына тосқауыл қоюдың " және Таяу Шығыста бейбітшілік орнатудың бірден-бір мүмкіндігі деп атады.

5 сәуірде New York Times басылымында сұхбатында Обама "Тегеранмен ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне экономикалық санкцияларды жою туралы алдын-ала келісімнен келетін пайда барлық ықтимал қауіп-қатерлерді басып кетеді" деген.

Иран мен әлемдік алты держава - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия сыртқы істер министрлері 2 сәуірде Швейцарияда Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеу туралы алдын-ала келесім жасасқан. Тараптар алдын-ала келісімнің шарттары бойынша маусымның 30-ына дейін түпкілікті келісім жасауы тиіс.

Обама сұхбатында Израильдің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық білдіруге құқығы барын, бірақ Вашингтон "Израиль қорғаныс қабылетінің мызғымастығын" қамтамасыз ететінін айтқан. Обама АҚШ Иранмен түпкілікті келісімде Израильдің "әскери тұрғыдан үстем болуын" қадағалайтынына да сендірген.

XS
SM
MD
LG