Accessibility links

Астанада борышкерлер акциясы жалғасты


Астана орталығына жиналып, наразылық танытып тұрған борышкерлер. 10 сәуір 2015 жыл.
Астана орталығына жиналып, наразылық танытып тұрған борышкерлер. 10 сәуір 2015 жыл.

Астанада қала орталығына жиналып, төртінші күн бойы наразылық танытып тұрған борышкерлерге азық-түлік апара жатқан жеңіл көлікті жол полицейлері тоқтатып, діттеген жеріне жібермеген.

Көлікте Шымкенттен барған өзге екі борышкермен бірге келе жатқан "Нұраянат" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Гүлмира Сәрсенбаеваның Азаттыққа айтуынша, полицейлер көлікті борышкерлер акция өткізіп тұрған орынға таяу жерде "еш себепсіз" тоқтатқан. Полицейлер көліктегі азық-түлікті түсіріп, борышкерлердің басқа көлігіне тиеуге де рұқсат етпеген. Сәрсенбаева көлік жүргізушісі мен жолаушылар наркологиялық диспансерге апарылғанын және ол мекемеде көлік жүргізушісін тексеруден өткізіп жатқанын айтады.

Қазақстанның бірнеше облысынан жиналған, банктен ипотекаға үй алып, қарызын қайтара алмай жүргенін айтқан бір топ борышкердің Астана орталығында наразылық танытып тұрғанына бүгін төртінші күн. Олар Қазақстан президенті, кезектен тыс президент сайлауына кандидат Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді талап етеді.

XS
SM
MD
LG