Accessibility links

Сирияда 222 мың адамның мерт болғаны тіркелген


Дамаск көшелерінің бірі. Сирия, 9 сәуір 2015 жыл.
Дамаск көшелерінің бірі. Сирия, 9 сәуір 2015 жыл.

Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, Сирияда азаматтық соғыс басталған 2011 жылдың көктемінен бері 222 мың 271 адамның қаза тапқаны құжатқа тіркелген. Қаза болғандар арасында 67 мың 293 бейбіт тұрғын мен 80 мыңнан аса үкімет әскері мен солар жағында соғысып жүрген содырлар бар.

Қаза тапқандар қатарында оппозицияның 40 мыңға жуық сарбазы мен дезертирлер және үкімет әскеріне қарсы көтерілісшілер жағында соғысқан 28 мың шетел азаматы бар.

"Үкімет күштері мен көтерілісшілер кейбір қаза тапқандар жайлы ақпаратты жасыратындықтан мерт болғандардың нақты саны 310 мыңға жетуі мүмкін" дейді құқық қорғаушылар.

Қаза тапқандар санына тұтқынға алынып, я ұрланған және қай жерде жүргені белгісіз мыңға жуық адам кіргізілмеген.

XS
SM
MD
LG