Accessibility links

Қаржы министрлігі шетелдегі мүлікті көрсетуді міндеттеуді ұсынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қаржы министрлігі елдің барлық азаматтарын шетелдегі өз дүние-мүлкін декаларцияда көрсетуге міндеттейін өзгерістерді қолданыстағы заңға енгізуді ұсынады деп хабарлады бүгін ҚазТАГ агенттігі.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің методологиялық департаменті директоры Толғанай Ботақанованың ақпараты бойынша, қазіргі кезде тек мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары ғана декларация толтырғанда Қазақстаннан тыс жердегі дүние-мүлкі жайлы мәліметтерді көрсетуге міндетті. Егер қаржы министрлігі ұсынып отырған өзгерістер заңға енгізілетін болса, азаматтардың барлығы қай салада қандай қызмет атқаратындығына қарамастан, шетелден алған дүние-мүлкі туралы мемлекеттік кіріс комитетіне хабарлап отыруға міндетті болмақ.

«Мүлікті заңдастыру туралы» заң жобасы бойынша, «қозғалмайтын мүлік, құнды қағаздар мен үлестер» міндетті түрде декларацияда көрсетілуі тиіс. Жобада мүлік сатылған кезде салық ұстау тәртібі қарастырылған. Бұл заң өзгерістерін шілденің 1-іне дейін қабылдап, 2016 жылы қаңтардың 1-інен күшіне енгізу жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG