Accessibility links

АҚШ Украинаға қосымша гуманитарлық көмек бермек


АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко.
АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко.

АҚШ Украинаға қосымша гуманитарлық көмек ретінде 18 миллион долларға жуық қаржы бөлетін болды. Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұл мәселені АҚШ вице-президенті Джо Байден мен Украина президенті Петр Порошенко 20 сәуір күні телефонмен сөйлескенде талқылаған.

17,7 миллион АҚШ доллары босқындар паналайтын орындар салуға, талонмен берілетін азық-түлік пен ауызсуға, үкімет әскері мен рсеейшіл сепаратистер арасында қақтығыс болған аймақтарда медициналық және санитарлық қызмет көрсетуге жұмсалмақ.

Байден мен Порошенко ЕҚЫҰ-ның әскери іс-қимыл әлі де жалғасып жатқан аудандарда бітім орнатуға күш жұмсап жатқанын құптаған. Олар бұған қоса, Ресейді бейбіт келісім талаптарын орындауға және ресей-украин шекарасында әскери жаттығулар өткізуді тоқтатуға шақырған.

Бұған қоса, Украинада америкалық және украиналық әскерилер бірлескен жаттығу бастады.

XS
SM
MD
LG