Accessibility links

Ресейлік дизель отынын әкелуге тыйым бір айға ұзарды


Жанармай құю бекеті. (Көрнекі сурет).
Жанармай құю бекеті. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда Ресейден дизель отынын әкелуге салынған шектеу мерзімі бір айға ұзартылды деп хабарлады ҚазАқпарат.

Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Астанада брифингте айтуынша, қазір Қазақстанда 350 мың тонна бензин және 500 мыңнан астам дизель отыны қоры жиналғандықтан, Ресей тарапымен ол елден дизель отынын тасымалдауға тыйымды бір айға ұзарту туралы келісілген.

Мырзағалиев қазір Қазақстанда жанармай қоры қажетті көлемнен 2-3 есе артық жиналғанын, тыйым көктемгі егіс науқанында дизель отыны тапшылығын тудырмайтынын айтады.

Энергетика миинстрлігінің мәліметінше, Қазақстан жыл сайын Ресейден 1 миллион 100 мың тонна көлемінде бензин, 520 мың тонна дизель отынын және 266 мың тонна авиакеросин тасымалдайды.

Қазақстан үкіметі 5 наурызда бір жарым ай мерзімге Ресейден бензин мен дизель отынын тасымалдауға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG