Accessibility links

Кадыров Ресей тергеу комитеті бастығынан түсінік талап етті


Шешенстан президенті Рамзан Кадыров. 10 наурыз 2015 жыл.
Шешенстан президенті Рамзан Кадыров. 10 наурыз 2015 жыл.

Шешенстан президенті Рамзан Кадыров Ставрополь өлкесінің полицейлері Грозный қаласында жүргізген операция салдарынан Шешенстан тұрғыны қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық іс не себепті жабылғаны туралы Ресей тергеу комитетінің жетекшісі Александр Бастыркин түсініктеме беруі керек деп мәлімдеген.

Сенбіге қараған түні Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған жазбада Кадыров «бұл жайтқа тұрғындар қатты наразы» екенін айтқан.

Жұма күні Ресей тергеу комитеті ставропольдік полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғау туралы қаулының күшін жойған. Бұған дейін ол полицейлер Шешенстанда арнайы операция жүргізген кезде қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланған деген күдікке ілінгені туралы хабарланған.

Сәуірдің 19-ы күні Грозныйда Ставрополь аймағының полицейлері ұстамақ болған күдікті Жамбулат Дадаев оларға қарсылық көрсетіп, оққа ұшқаны хабарланған. Бұл оқиғадан соң Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров құқық органдары қызметкерлеріне өзінің келісімінсіз Шешенстан аумағында арнайы операция жүргізуге Ресейдің басқа аймақтарынан келген қауіпсіздік қызметі өкілдерін атып тастауға бұйрық берген.

Ресей ішкі істер министрлігі әлгіндей сөзге жол беруге болмайтыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG