Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) бүгін 26 сәуірде өткен кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады. Астанада өткен баспасөз жиынында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, "Нұр Отан" партиясы атынан сайлауға түскен қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев 97,75 пайыз дауыс алып, кезекті бес жыл мерзімге президент болып сайланған.
ОСК ақпаратына қарағанда, Қазақстан халықтық коммунистік партиясының кандидаты Тұрғын Сыздықов сайлаушылардың 1,61 пайыз даусын алған. Өзін өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловқа сайлаушылардың 0,64 пайызы дауыс берген.
Тұрғанқұлов дауыс беруге сайлаушылардың 95,21 пайызы қатысқанын айтады.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бері осымен бесінші рет президент сайлауы өтті.