Accessibility links

Алқа соты Царнаевқа жазаны талқылай бастады


Бостон марафонындағы жарылыстарға айыпты деп танылған Джохар Царнаев.
Бостон марафонындағы жарылыстарға айыпты деп танылған Джохар Царнаев.

Бостондағы 2013 жылғы марафон кезінде болған жарылыстарға айыпты Джохар Царнаевқа қарсы сот процесінде алқа соты оны өлім жазасына кесу немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды талқылай бастады. 13 мамырда адвокаттар мен айыптаушы тарап қорытынды сөзін сөйледі.

Прокурор Стив Мелин алқа сотына 21 жастағы Царнаевтың іс-әрекеті өлім жазасына лайық деп мәлімдеді. Ол Царнаев саяси мәлімдеме жасау үшін құрбандарына барынша зардап тартқызғысы келді және жарылыстардан кейін қылмысына ешқандай да өкініш білдірмеді деді.

Царнаевтың адвокаты Джуди Кларк алқа сотын Царнаевқа аяушылық танытуды сұрап, оны ағасы Тамерлан Царнаевтың ықпалына түсіп қалғаны болмаса, негізі "жақсы бала" деп атады.

2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафоны аяқталар тұста болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG