Accessibility links

Сот "Евразия" арнасына қатысты шешімді өзгертпеді


"Евразия" бірінші арнасы" телеарнасының сайтынан скриншот. 22 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
"Евразия" бірінші арнасы" телеарнасының сайтынан скриншот. 22 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевтың Әуезов аудандық сотының «Евразия» бірінші арнасына" қарсы берген шағымын қанағаттандырмау туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Ермек Нарымбаев «Қазақстанның тіл туралы заңын орындамады» деп «Евразия» бірінші арнасы» телеарнасын, «телеарнаның бұл әрекетіне ешқандай шара қолданбай отыр» деп инвестициялар және даму министрлігіне қарасты байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетін сотқа берген болатын. Өткен жылы желтоқсанның 22-сінде Әуезов аудандық соты Нарымбаевтың телеарна үстінен берген шағымын қанағаттандыру туралы шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарған. Сол сот барысында Нарымбаев арнаның сонымен бірге ресейлік өнімдерді жиі пайдаланатынын, осылайша "телерадио хабарларын тарату туралы заңды да бұзып отырғанын" айтқан еді.

Алайда бұл айыппен келіспеген телеарна өкілі мемлекеттік тілге қатысты TNS Central Asia зерттеу компаниясы сарапшысы жасаған талдау қорытындысын сотта көрсеткен. Онда "телеарна хабарларының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде таралатыны" туралы баяндалған.

XS
SM
MD
LG