«Евровидение» ән байқауының биылғы ақтық сынында швециялық әнші Монс Сельмерлев Heroes әнімен (365 ұпай) жеңіске жетті.
Ресей өкілі Полина Гагарина «A million voices» әні үшін (303 ұпай) екінші орынды иеленді.
Үшінші орын «Grand Amore» әнін шырқаған италиялық Il Volo тобына (292 ұпай) берілді.
Австрия астанасы Вена қаласында өткен «Евровидение-2015» ән байқауының финалына 27 елдің өкілдері қатысқан. Дәстүрлі конкурс осымен 60-рет өткізілді.
Конкурс ережесіне сәйкес, биылғы ән жарысы жеңімпазының Отаны - Швеция «Евровидение-2016» байқауын өткізу құқығына ие болды.