Accessibility links

Мақсат Досмағамбетов Сеулде емделіп келді


«Жаңаөзен ісі» бойынша сотталып, үш жыл түрмеде отырған соң шартты жазамен босатылған 32 жастағы бұрынғы мұнайшы Мақсат Досмағамбетов операциядан кейін. Aлматы. 2 сәуір 2015 жыл.
«Жаңаөзен ісі» бойынша сотталып, үш жыл түрмеде отырған соң шартты жазамен босатылған 32 жастағы бұрынғы мұнайшы Мақсат Досмағамбетов операциядан кейін. Aлматы. 2 сәуір 2015 жыл.

Жаңаөзендік мұнайшы Мақсат Досмағамбетов Оңтүстік Кореядан қатерлі ісік дертіне ем алып келді. Ол өткен түні Алматы әуежайына түскен, енді Ақтауға кетеді. Мақсат Досмағамбетовтің айтуынша, Сеулде тексеріліп, химиотерапия алғаннан кейін ол өзін жақсы сезіне бастаған, ауруы мазаламайтын болған.

2011 жылы Маңғыстау облысында мұнайшылардың жеті ай бойғы ереуіліне қатысқан Мақсат Досмағамбетов Жаңаөзен оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар деп айыпталып, алты жылға сотталған. 2014 жылдың желтоқсанында сот оны мерзімінен бұрын босатқан.

Мақсат Досмағамбетов бет сүйегіндегі онкологиялық аурудың негізгі себебін өзінің Жаңаөзен прокуратурасы мен уақытша қамау абақтысындағы тергеуде азапталғанынан көреді. "Жаңаөзен ісі" бойынша сотта ол өзінің тергеу кезінде азапталғанын айтқан. Бірақ сот ол кезде Досмағамбетов пен басқа да сотталушылардың азаптауға қатысты шағымдарын "бос сөз" деп қабылдамай қойған.

Досмағамбетовтің емделіп, Оңтүстік Кореяға баруына қаржы жинауға өзі бұрын жұмыс істеген "Өзенмұнайгаз" компаниясының мұнайшылары көмектескен.

2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен оқиғасы кезінде ресми мәлімет бойынша 16 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

XS
SM
MD
LG