31 мамыр күні Алматыдағы "Көкжайлауды қорғайық" тобы мен бірнеше үкіметтік емес ұйым Көкжайлауда халықаралық балаларды қорғау күніне орай шара өткізді. Бұл шараға әлеуметтік желі арқылы шақырушылар Көкжайлаудың табиғатына бей-жай қарамайтын адамдар балаларын ерте келіп, бұл маңды тау шаңғысы курортын салудан қорғау шарасын қолдауды сұраған. Болашақ курортқа баратын жол мен электр станциясы құрылысы басталып кеткен.