Accessibility links

Обама: Иран мәселесі әскери жолмен шешілмейді


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 26 мамыр 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 26 мамыр 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Иранды ядролық бағдарламасын дамытудан әскери жолмен емес, тек келісім арқылы ғана бас тартқызуға болады деп мәлімдеді маусымның 1-і күні Израиль телеарнасына берген сұхбатында.

"Мен қандай да бір үмітке емес, нақты фактілер мен дәлелдерге және талдауларға сүйене отырып Иранның ядролық қаруға ие болуының алдын алудың ең тиімді жолы өзара сенімге құрылған келісім деп айта аламын" деді Обама.

"Бұл мәселе тіпті АҚШ араласқан күннің өзінде де әскери жолмен шешілмейді. Бұл әдіс Иранның ядролық бағдарламасын уақытша кідірткенімен, толықтай тоқтата алмайды" деді АҚШ президенті.

Обама Израиль Тегеранмен қандай да бір келісімді қолдамаса Иранның ядролық нысандарына соққы беруі мүмкін деген болжамдарға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

"Мен израильдіктердің алаңдаушылығы мен қауіптерін түсінемін" деді Обама.

XS
SM
MD
LG