Accessibility links

Венада Иран келіссөзі қайта жалғасады


Венадағы Халықаралық атом энергиясы агенттігі кеңсесі. (Көрнекі сурет).
Венадағы Халықаралық атом энергиясы агенттігі кеңсесі. (Көрнекі сурет).

Венада бүгін Иран келіссөзіне қатысушы әлемдік алты держава сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасау жұмысын жалғастырады.

Ақпарат агенттіктерінің Венадан хабарлауынша, дипломаттар мен сарапшылар күні бойы өзара кеңес құрады. Ал ертең, 4 маусымда оларға Иран делегациясы қосылады.

Тараптар маусымның 30-ына дейін Иранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне экономикалық санкцияларды жеңілдету жөнінде түпкілікті келісім жасасуы тиіс. Ақпанның басында Иран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия арасында жасалған алдын-ала келісім жобасы бойынша, Иран өзіне алған міндеттерді бұзған жағдайда санкция қайтадан енгізілетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG