Ресей президенті Владимир Путин 10 маусым күні Италияға барды. Путин "Экспо-2015" көрмесіндегі "Ресей күнін" ашып, Италия премьері Маттео Ренци және осы елдің президенті Серджио Маттарелломен келіссөздер жүргізген. Миланда Ресей президентін тек ресми тұлғалар емес, азаматтық белсенділер де түрлі плакаттармен күтіп алды.