Accessibility links

АҚШ сенаторлары Украинаға қару беруге шақырды


АҚШ сенаторы Джон Маккейн.
АҚШ сенаторы Джон Маккейн.

АҚШ сенаторы Джон Маккейн (республикашыл - ред.) АҚШ-ты Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан үкімет әскеріне қару беруге тағы шақырды.

20 маусымда Киевте баспасөз мәслихатын өткізген Маккейн "Ресей президенті Владимир Путин​ Украинаны бөлшектеуге тырысып жатқанда Батыс елдерінің құр қарап отырғаны ұят" деп мәлімдеген.

Маккейн - АҚШ конгресіндегі Украина әскеріне қару беруді барынша жақтап келе жатқан сенатор. Ол "украиналықтар күреске әзір екендерін дәлелдеді" дейді.

Маккейн мен қатар АҚШ-тың тағы бір сенаторы Том Коттон (республикашыл - ред.) "Батыс елдері Путинге Украинадағы қақтығысты шиеленістірмеу жолында көптеген мүмкіндіктер қалдырды, бірақ Путин мұны түсінбей отыр. Енді Украина әскерін қаруландыратын уақыт келді​" дейді.

Украина бұған дейін өзінің қорғаныс қабілетін күшейту үшін халықаралық қауымдастықтан бірнеше мәрте көмек сұраған. Батыс мемлекеттері әзірге қару емес, басқа құрал-жабдықпен жәрдем көрсетіп отыр.

XS
SM
MD
LG