Accessibility links

Қазақстанның ДСҰ-ға кіру келіссөзі ресми аяқталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 маусым 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 маусым 2015 жыл.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне қатысты келіссөздерді табысты аяқтады, енді осы ұйымның құрамына 162-мүше болып енеді деп хабарлады бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев бүгін ДСҰ-ға кіру келіссөзінің аяқталуына қатысты арнайы үндеу жасаған. "Бүгін Женевада жұмысшы тобының соңғы отырысы болды. Онда Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қатысты келіссөздердің аяқталғаны ресми түрде жарияланды. Бұл оқиғаның біз үшін тарихи маңызы зор. Қазақстан ДСҰ-ның 162-мүшесі болады. ДСҰ-ға кіру біздің экономикамызға жаңа көкжиек ашады. Бұл біздің кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуына, ал тұтынушылардың тауарлар мен қызмет көрсетулерді таңдауына мүмкіндік ашады" деген Назарбаев.

Қазақстан ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөзді 1996 жылдың қаңтарында бастаған. Содан бері интеграцияның тиімділігіне қатысты әр жылдары қилы пікірлер айтылып, келіссөз процесі бірде баяу, бірде қарқынды жүрді.

XS
SM
MD
LG