Accessibility links

Сәкен Тулбаев сотта соңғы сөзін айтты


Сотталушы Сәкен Тулбаев (оң жақта) адвокаты Жандос Булхайырмен (сол жақта) сөйлесіп тұр. Алматы, 29 маусым 2015 жыл.
Сотталушы Сәкен Тулбаев (оң жақта) адвокаты Жандос Булхайырмен (сол жақта) сөйлесіп тұр. Алматы, 29 маусым 2015 жыл.

Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи жамағат" діни ұйымына мүше болды деп айыпталған Алматының 46 жастағы тұрғыны Сәкен Тулбаев бүгін Бостандық аудандық сотында өтіп жатқан процессте соңғы сөзін айтты.

Тулбаев сотта пәтеріне жасалған тінтуде пәтерінің кіреберісіне мазмұны "Таблиғи жамағат" ұйымы идеологиясына қайшы келетін "ваххабистік мазмұндағы" үнпарақтар "тасталғанын" айтты. Бұған дейін ол тінту барысы жайлы видео мен тінту жүргізудің бір-бірімен үйлеспейтінін мәлімдеген еді.

Сәкен Тулбаев өзіне тағылған "діни алауыздықты қоздыру" айыбын терістеп, "Таблиғи Жамағат" діни ұйымы жоқ болғандықтан өзінің ондай ұйым мүшесі болуы мүмкін емесін айтты. Ол өзінің "кінәсіз" екенін айтып, Қазақстанда "кінәсіз мұсылмандардың қуғындалып жатқанын" мәлімдеді. Тулбаев соттан өзін "кінәсіз болғандықтан" ақтауды сұрады.

Бұған дейін тараптардың жарыссөзінде прокурор Асхат Есенов Сәкен Тулбаевты бес жылға соттауды сұраған. Прокурор Тулбаевтың "діни алауыздықты қоздырғаны" және "Қазақстанда тыйым салынған діни ұйымға кіргені" сотқа дейін және сот тергеуінде "толық дәлелденгенін" айтқан.

Сәкен Тулбаев сотта соңғы сөзін айтқан соң судья Арай Нұғманова үкім шығаруға дайындалу үшін кеңесу бөлмесіне кіріп кетті. Ол үкім жарияланатын күн сотқа қатысушыларға қосымша хабарланатынын айтты.

XS
SM
MD
LG