Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде жаңадан салынып жатқан автокөлік және темір жолдардың сапалы болуын талап етті. Бұл туралы ол бүгін Қазақстандағы индустрияландыру күніне арналған шара кезінде мәлімдеген.
Қазіргі кезде Қазақстанның бар аймағында толассыз жолдар салынып жатқан айтқан президент тиісті ведомстволарға жол сапасына айрықша мән беруді атап тапсырған.
«Салынып жатқан жол сапасына өте үлкен көңіл бөлулерің керек. Биыл салынып, ендігі жылы қайтадан жөндеуге түсетін болмасын. Барлығының сапасы сіздердің мойындарыңызда. Ел мен болашақ үшін салынып жатқан жолдардың сапасына мұқият қарауларыңды талап етемін» деген Назарбаев.
Өз сөзінде президент елде автокөлік жолдарының сапасы мен оны күтіп ұстауға жауап беретін бірыңғай оператор құру қажеттігін айтқан.