Accessibility links

Ресей парламенті дербес мәлімет жайлы заң жобасын мақұлдады


Ресей мемлекеттік думасы. (Көрнекі сурет).
Ресей мемлекеттік думасы. (Көрнекі сурет).

Ресей мемлекеттік думасы бүгін кейбір сыншылар "үкіметті немесе шенеуніктерді сынайтын ақпаратты бұғаттауға қолданылуы мүмкін" деп санайтын заң жобасын қолдады.

Мемлекеттік дума депутаттары Google сияқты интернетте іздеу жүйелерін белгілі бір адамның өтініші бойынша өзіне қатысты кейбір мәліметтерін өшіруге мәжбүрлейтін заң жобасын үшінші әрі соңғы оқылымда көпшілік дауыспен мақұлдады.

Заң жобасы бойынша, азамат интернетте іздеу жүйесінен өзіне қатысты "қолайсыз ақпараты бар" кез-келген сілтемені өшіруді талап ете алады.

Заң жобасын қолдаған депутат Леонид Левин заң қабылданса "интернеттегі бопсалау мен кемсітушілікке тоқтау салатын құрал пайда болатынын" айтты.

Ресейдің іздеу жүйесі Yandex заң жобасын "адамдардың маңызды әрі сенімді ақпарат алуына кедергі келтіреді" деп санайды.

XS
SM
MD
LG