Accessibility links

Ереванда ұсталған демонстранттар босатылды


Полиция Еревандағы демонстранттарды Баграмян даңғылынан ығыстырып жатыр. Армения, 6 шілде 2015 жыл.
Полиция Еревандағы демонстранттарды Баграмян даңғылынан ығыстырып жатыр. Армения, 6 шілде 2015 жыл.

Ереванда полиция Баграмян даңғылында наразылық акциясында ұсталған барлық 46 адамды босатты. Армения ішкі істер министрі баспасөз хатшысы Ашот Агароняннің сөзінше, демонстранттарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылмаған.

6 шілдеде бұдан ертерек Ереванда полиция электр қуаты бағасының қымбаттауына қарсы демонстранттар орнатқан баррикадаларды бұзып, Баграмян даңғылындағы қозғалысты қалпына келтірген. Демонстранттар енді қарсылықты енді Азаттық алаңында жалғастырмақ ниетте.

Еревандағы қарсылықтар маусымның ортасында басталған. 4 шілдеде акцияға қатысушылар билік 6 шілде күні кешке дейін талаптарын орындамаса президент әкімшілігіне қарай жылжитынын ескерткен. Демонстранттар билікке тамыздан бастап электр қуаты бағасын 16 пайызға қымбаттату шешімін жойып, 23 маусымдағы демонстрацияны күшпен таратуға жауаптыларды жазалауды талап еткен.

XS
SM
MD
LG