Accessibility links

Алматыдан 77 километрде жер сілкінісі тіркелді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

8 шілде түнгі сағат 22:19-да Алматыдан солтүстікке қарай 77 километр қашықтықта қуаты 3,7 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болды деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.

Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, жердің 10 километр тереңдігінде болған.

Жер сілкінісі Қапшағай қаласында 2 балл болған. Зардап шеккендер мен қираған ғимарат туралы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG