Accessibility links

Ақтөбе тұрғыны терроризмге қатысты 2 айға қамалды


WhatsApp хат-хабар алмасу қосымшасын қарап отырған адам. (Көрнекі сурет).
WhatsApp хат-хабар алмасу қосымшасын қарап отырған адам. (Көрнекі сурет).

Ақтөбелік тұрғын терроризмді насихаттады деген күдікен екі айға қамалды деп хабарлады бүгін Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот дерегінше, 35 жастағы қала тұрғыны Бақтияр Юсуповты қамауға алу туралы қаулыны Ақтөбе қалалық №2 соты 1 шілдеде шығарған. Сот деректері бойынша, "радикалдық бағыттағы діни ағымдардың бірін ұстанатын" күдікті 2014 жылдың соңында WhatsApp хат-хабар алмасу қосымшасы арқылы "Садақа оттың қалқаны" деп аталатын топтық чат құрған. "Күдікті топтық чат мүшелеріне жиырма адамды қосып, оларға радикалды-экстремистік сипаттағы хат-хабарлар мен аудио-бейне файлдар жіберген, оларды жиһадқа шақырған" делінген сот ақпаратында. Юсупов қылмыстық кодекстің 256 бабының 2 тармағы ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") бойынша айыпты деп танылған.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу таққан айып дәлелденсе күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG