Accessibility links

Грекияға көмек қаржы бөлуге алдын-ала келісім жасалды


Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск (ортада) Грекияға қатысты келіссөзден кейінгі баспасөз жиынында. Брюссель, 13 шілде 2015 жыл.
Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск (ортада) Грекияға қатысты келіссөзден кейінгі баспасөз жиынында. Брюссель, 13 шілде 2015 жыл.

Еуро қолданатын елдер басшылары Грекиямен осы елге қаржы бөлу туралы алдын-ала жаңа келісім жасасты. Грекияның енді қаржылық дефолтқа ұшырап, Еуропа Одағынан шығып кету қаупі сейілді.

"Маңызды реформалар жасау" және көмек қаржы бөлу туралы келісім жасалғаны 13 шілде күні таңертең ерте, Брюссельде 17 сағатқа созылған келіссөздерден кейін хабарланды.

ЕО елдері басшылары келісімді құп көргенімен, келісімнің әзірге жоба күйінде екенін және Грекия маңызды реформалар жасауы қажет екенін айтты.

Еуропа кеңесі президенті Дональд Туск келісім Грекияға "бұрынғы жолына қайта оралуына" мүмкіндік беретінін айтты.

"Алдын-ала келісім Грекияның дефолттың әлеуметтік және саяси салдарларынан айналып өтуіне мүмкіндік жасайды" деді Туск келіссөзден кейінгі баспасөз конференциясында.

Туск бұған қоса "келісімде орындалуы тиіс бірқатар шарттар барын" да айтты.

Франция президенті Франсуа Олланд Грекия парламенті бірнеше сағат ішінде жаңа реформалар қабылдауы тиіс екенін айтты.

"Еуропа келісімнің жол картасына келісті. Енді қалған мәселе оның орындалуына байланысты" деді Эстония премьер-министрі Таави Ройвас.

Грекия мен кредиторлар арасындағы келісім жайлы егжей-тегжейлі әлі жарияланған жоқ.

XS
SM
MD
LG